09:16 21 Ақпан 2018
Тікелей эфир
Қысқы жел

Астанада және бүкіл облыста соққан қатты жел біраз күнге созылады

© Sputnik / Максим Богодвид
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
26 0 0

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елордада және Ақмола облысында желдің ұйытқуы секундына 20-23 метрге дейін жетеді.

АСТАНА, 25 қар — Sputnik.  Жұма күні Астана қаласы және Ақмола облысында соққан қатты желге байланысты дауылдық ескерту жарияланды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитет сайтында. 

Синоптиктердің болжауынша, Астана қаласында 26-28 қарашада кей уақытта бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде. Демалыс күндері Ақмола облысында да кей жерлерде боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей жерлерде секундына 23 метрге дейін жетеді деп күтіледі.

Сонымен қатар, Қазгидрометтің мәліметінше, өңірде түнгі ауа температурасы минус 10-13 градустан төмендемейді, ал күндіз – минус 5-9 градустан. Бұл күндері жауын-шашын болмайды.

Басты тақырыптар