Өңірлер

Алматы әкімі қар жинауға жауапты бастықты қызметтен босатты

© SputnikАлматыны қар басты
Алматыны қар басты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала басшысы тағы осындай қар түскен жағдайда қала қызметтерінің тиімдірек жұмыс істеуін тапсырды.

АСТАНА, 28 қар — Sputnik. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қалың жауған қардың салдарын жою кезіндегі коммуналдық қызметтерінің жұмысын қанағаттандыралық үйлестірмегені үшін табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаевны қызметінен босатты, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Дүйсенбіде таратылған баспасөз баянда дүйсенбі күні Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қар тазалау жұмыстары мәселесіне қатысты жиын өткізгені хабарланды.  Оған аудан әкімдері, басқарма басшылары мен қалалық коммуналдық қызметтегілер қатысқан.

"17-27 қараша аралығында қала аймағынан 260 мың текше метр қар шығарылды. Бұл ретте Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жұмысы нашар деп бағаланды. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Эльдар Кильдибаев қызметінен босатылды", — деп атап көрсетілген хабарламада. 

Жиын қорытындысы бойынша Алматы әкімі аудан әкімдіктегілеріне, сондай-ақ, қаладағы барлық қызмет өкілдеріне қар жауған кезде осындай жағдай қайталанбас үшін қажетті шараларды ойластырып қоюын тапсырды. 


Жаңалықтар
0