Өңірлер

Алматыда екі трансгендер cоттасуда

© Photo : Кадр видеоТрансгендер Виктория сотта
Трансгендер Виктория сотта - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі трансгендердің арасындағы сот туралы оқиға жұртшылыққа тарап кетті. "Әйел" төлқұжаты жоқ сотталушыны ерлер түрмесіне жіберуі мүмкін.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Алматы сотында екі трансгендердің қатысуымен сот тыңдауы жүріп жатыр, олардың бірі екіншісін бопсалады деп айыптауда деп хабарлайды КТК.

Сотқа істің бір ғана қатысушысы келді – айыпталушы Виктория, ол өз кінәсін жоққа шығарып отыр.

Бұл оқиға қазақстандықтарды елең еткізді, өйткені Викторияны ерлер түрмесіне жіберу әбден ықтимал. Кәрімхан Берікхождаев кезінде жынысын өзгерткенімен, әйел төлқұжатын алуды ойламапты.

Сот отырысын кейінге қалдыруға тура келді, өйткені жәбірленуші – ол да кезінде жынысын өзгерткен – сот залына келмеді.

Айтпақшы, айыпталушыны құқық қорғаушылар жақтап отыр. Олар жаңа төлқұжат мәселесі жуық арада шешіледі деп үміттенеді. Сол кезде Виктория айыпты деп танылған күннің өзінде ерлер түрмесіне бармайды. 

Жаңалықтар
0