Өңірлер

Шымбұлақ тау шаңғы шипажайы қызметінің қымбаттауы алматылықтарды ашуландырды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоШымбұлақ
Шымбұлақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала тұрғындары #бойкотшымбулак хэштэгін жіберіп, шипажайға бойкот жасауды ұсынып отыр

АСТАНА, 30 қар — Sputnik. Алматыдағы Шымбұлақ тау шаңғы шипажайы қызметі құнының көтерілуі алматылықтардың ашуын келтірді; әлеуметтік желілерде #бойкотшымбулак хэштэгі кең тарауда. 

10 желтоқсаннан бастап "Шымбұлақ" ТШШ қызметтерінің құны орта есеппен 1,5 есеге көтеріледі. Мәселен, үлкендердің күндізгі абонементі 6000 теңгеден 9500 теңгеге көтерілсе, балалардың билеттері 3000 теңгеден 4500 теңгеге өседі. 

"Біз биік трибуналардан Қазақстандағы спортты дамыту және спорт нысандарын жастар үшін қол жетімді ету туралы айтамыз. Бұл ретте, Шымбұлақ ТШ билеттер мен басқа да қызметтерінің құнын 1,5 есеге көтеру туралы шешім қабылдады. Онсыз да қолжетімсіз Шымбұлақ, ортастатистикалық қазақстандық үшін мүлдем қол жетпейтін болады", — деп жазды өзінің Facebook аккаунтында Алматы әкімдігі ішкі саясат басқармасының бұрынғы жетекшісі Санжар Боқаев.  

Оның пікірінше, қымбат бағалар қысқы спорт түрлерінің дамуына мүмкіндік бермейді. "Ата-аналар демалыс күндері балаларын шаңғы тебуге алып бара алмаса, спорттың қысқы түрлері қалай дамымақ. 4 адамнан тұратын отбасына кіру – 20 мың теңге, жабдықтарды жалға алу – тағы 30 мың теңге, фуникулерде жетіп алы – 10 мың теңге. Барлығы кәсіпкер емес", — деп жазды ол. 

 

Жаңалықтар
0