02:08 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
Қазақстан полициясы

Қысқы мерекелерде Астанада күшейтілген тәртіп болады

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
15 0 0

Желтоқсан мен қаңтарда Тәуелсіздік, Жаңа жыл, Рождества мерекелері атап өтіледі, осыған орай Астанада полиция қызметкерлерінің штаты 200-ге дейін ұлғайтылады

АСТАНА, 8 жел — Sputnik. Күшейтілген тәртіп 2016 жылғы желтоқсанның 8-інде басталып, 2017 жылғы қаңтардың 15-іне дейін жалғасады, қала тұрғындарының қауіпсіздігін екі мыңнан аса полиция қызметкері қамтамасыз ететін болады, деп хабарлайды елорда сайты

Сайтың ақпаратына сәйкес, елорда әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен қала әкімдігінің жанындағы Антитеррористік комиссияның отырысы өтті. Оған Астана қаласы ІІД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы, Астана қаласы бойынша ҰҚКД басшысы, сондай-ақ аудан әкімдері қатысты. 

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде елорда нысандарында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және бақылауды күшейту шаралары талқыланды. 

"Отырыста қаланың күш құрылым басшылары қабылданған шаралар туралы есеп берді. Мерекелік шаралар барысында тұрғындардың қауіпсіздігін 2 мыңнан аса тәртіп сақшысы қамтамасыз ететін болады. Күшейтілген режим 2016 жылғы желтоқсанның 8-інде басталып, 2017 жылғы қаңтардың 15-іне дейін жалғасады", — делінген хабарламада. 

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметі Басқармасының басшысы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, мереке күндері барлық қоғамдық орындар айрықша бақылауға алынады. Халық көп жиналатын орындар тәулік бойы бақыланады. Осыған орай Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев полиция қызметкерлерінің штатын 200-ге дейін ұлғайтуды және олардың қызметін ынталандыру үшін арнайы әлеуметтік пакет әзірлеуді тапсырды.

 


Басты тақырыптар