23:40 05 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD387.48
  • EUR428.98
  • RUB6.05
Ердәулет Қасым

ОҚО-дағы жаппай төбелес және атыс: 18 жасар жігіт 12 жылға қатаң тәртіпті колонияға қамалады

© Photo: Otyrar.kz
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
120 0 0

Жаппай төбелес кезінде жігіттердің бірінің басына оқ тиіп, бірақ аман қалды, сот бұл жағдайды өміріне қастандық ойлау деп бағалады.

АСТАНА, 15 жел — Sputnik. Шымкентте 18 жасар екі сарыағаштық жігітке үкім шығарылды, олар жастар арасында болған атыс пен төбелеске қатысқан, іс Оңтүстік Қазақстан облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта қаралды деп жазады Otyrar.kz жергілікті басылымы.

Осы жылы шілде айында екі жігіттің арасында текетірес туындап, Сарыағаш орталығындағы жаппай төбелес пен атысқа әкеп соқтырған. Араздасқандардың бірі Ердәулет Қасым 16 калибрлі қарумен келіп, қарсыластарының бірінің басына оқ атқан. Зардап шеккен жігіт ауыр жарақат алғанымен, аман қалды. Және сот талқылауы барысында сотталушымен татуласты.

"Тергеу барысында куәгерлердің түсініктемесі мен сараптамалар нәтижесінде сотталушылардың кінәсі толығымен дәлелденді, Қасым да өз кінәсін мойындады. Сот Ердәулет Қасымды өміріне қастандық ойлағаны үшін айыпты деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырды, ол жазасын қатаң тәртіпті колонияда өтейді. Шыңғысхан Тұрғанбек бұзақылық және қаруды заңсыз пайдаланғаны үшін төрт жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді", — деп хабарлады судья Самидин Темірәлиев.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Загрузка...

Басты тақырып