01:36 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Қар

ҚР-да жексенбі күні ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын түседі

© Sputnik / Евгений Биятов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
10 0 0

Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, жауын-шашын болады.

АСТАНА, 18 жел – Sputnik.  Қазақстан аумағында кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран болып, жел күшейеді деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитет сайтында

Ақмола, Қарағанды облыстарында, күндіз Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде төменнен соққан боран болады, желдің күшеюі – 15-20 м/с. Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал, түнде кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде – тұман, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысында кей жерлерде – тұман, көктайғақ, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында кей жерлерде – тұман, көктайғақ. Атырау облыстарында күндіз кей жерлерде желдің екіпіні 15-20 м/с. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі деп күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде – тұман, желдің екпіні 15-20 м/с.

Басты тақырыптар