Өңірлер

Толассыз жауған қар: Астананың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

© Sputnik / Болат ШайхиновҚар күреу
Қар күреу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коммуналдық қызметтер Астана қалалары мен аулаларынан 40 мың метр кубтан астам қар шығарды, үш күн бойы қар қалың жауып, боран соғады.

АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Синоптиктер алдағы үш күн бойы Астанада қар жауып, боран соғатынын болжап отыр, елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде деп хабарлады қалалық әкімшілік сайтында.

" Осы уақытта елорданың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Өткен тәулікте, 20-21 желтоқсанда қала бойынша 2 093 арнайы техника жұмыс істеді. Қаланы қар мен мұздан санитарлық тазартуға 2 524 жол жұмыскері тартылды. 634 т. м құм-тұз қоспасы, 29,5 тонна «Айсмелт» реагенті себілді. 42 980 т. м қар жиналды", — делінген хабарламада.

Қысқы тас жол - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмола облысында барлық жолдар жабылды

Қазгидрометорталығының хабарлауынша, 21 желтоқсанда Астанада көшпелі бұлт шығып, оқтын-оқтын қар жауады. Түнде және таңертең бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, жылдамдығы 9-14 м/с жетеді, түнде және таңертең 15-20 м/с дейін күшейеді. Ал сынап бағанасы түнде —13…-15°С дейін төмендейді.

22 желтоқсанда да осындай ауа райы сақталады, күн бұлтты, оқтын-оқтын қар жауады, бұрқасын тұрады. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен соққан жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде —22…-24°С, күндіз —12…-14°С.

Анастасия Волочкова - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Анастасия Волочкова Астана-Қарағанды тас жолында қар құрсауында қалып қойды

23 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, бұрқасын тұрады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде —31…-33°С, күндіз —21…-23°С.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, желдің күшеюіне және жолдың нашар көрінуіне байланысты халықаралық тасжолдар мен республикалық маңыздағы магистральдарда енгізілген шектеу сақталуда.

Жаңалықтар
0