Өңірлер

Жұма күні қазақстандықтарды қатты жауын-шашын күтеді

© SputnikБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жекелеген өңірлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді.

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі, оңтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын қатты болатыны болжанады, деп хабарланады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында. 

Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын тұрып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының жекелеген аумақтарында  бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 15-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман болжанады.

Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарында бұрқасын, тұман болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі мүмкін.  

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысында,  Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болуы ықтимал.


Жаңалықтар
0