Өңірлер

Елордалық полиция қызметкерлері пиротехниканың заңсыз сатылым орындарын іздестіріп жатыр

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуПиротехникалар сату
Пиротехникалар сату - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Пиротехника" оперативтік алдын алу шаралары аясында тәртіп сақшылары стихиялық сауда орындарында рейдтер жүргізуде

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астананың ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері пиротехника заттарын сақтау, есепке алу, тасымалдау, әкелу және әкету тәртібін сақтау бойынша жұмыстарын жандандырды, деп хабарлады Астана қаласының ішкі істер департаментінен. 

"Пиротехникалық заттардың заңсыз сатылымының жолын кесу үшін полиция қызметкерлері күнделікті нарықтар мен стихиялық сауда орындарында тексеру жүргізіп отыр. Сертификатталмаған өнімдердің көтерме жеткізушілерін анықтау бойынша шаралары қабылдануда.

"Шекара" бекеттерінде жол-патрульдік полициясы нарядтары автокөлік құралдарымен пиротехникалық заттарды тасымалдау заңдылығын тексеру бойынша жұмысын белсендірді. Пиротехникалық заттарды сату тиісті лицензиялары бар арнаулы дүкендерде жүзеге асырылуы тиіс", — деді Астана қаласы ІІД ӘПБ бөлім бастығы Бағлан Қазбеков. 


Жаңалықтар
0