Өңірлер

Ақсай жұртшылығы қызметтен шеттетілген әкімді жақтады

© Photo : uralskweek.kzАйымгүл Тржанова
Айымгүл Тржанова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласының жұртшылығы Бас прокуратурадан қызметтен босатылған әкім Айымгүл Тржанованың ісін қайта қарауды сұрайды.

АСТАНА, 23 жел  – Sputnik. Ақсай қоғамшылдары қызметтен босатылған әкім Айымгүл Тржанованың ісін қайта қарауды сұрап Бас прокуратураға хат жазды деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
БҚО-да прокурорлар Ақсай әкімін қызметтен кетірді

Бұрлы аудандық мәслихатының депутаты, Ақсай қаласы №3 орта мектебінің директоры Надежда Шығанақованы қазақстандық телеарналардың бірінде көрсетілген сюжетте әкімшілік жауапкершілікке тартылған Тржанованы "қылмыскер" деп атауы ашуландырған. 

"Әлеуметтік-мәдени тұрмыс нысандарын ауылдық мектептің қазандығымен жылыту сыбайлас жемқорлыққа жата ма? Осы уақытқа дейін ауылдағы мектептің жалғыз қазандығы барлық нысандарды жылытуға пайдаланылып келеді. Жылытуға жұмсалған қаражат аудандық білім беру бөлімінің бюджетіне аударылып, мектептерде балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуге жұмсалған. Барлық бұқаралық ақпарат құралдары құр заң соғып, "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан дейді", негізінде мұның ұйым атынан жүргізіліп отырғандығын ешкім түсіндірмейді. "Заңсыз кіріс" – деп отырғаны аудандық білім беру бөлімі бюджетіне ресми түрде түскен, қазыналық органдарда тіркеліп, мектептердің қажетіне жұмсалған", — делінген хатта.

Бұдан бөлек, хатта шенеунікке әкімшілік айыппұл 2015 жылы наурыз айында салынып, биыл наурыз айында алынып тасталғаны айтылған. Ал, Ақсай әкімі 2016 жылы қыркүйекте сайланған. 

Жаңалықтар
0