Өңірлер

Боранның кесірінен жолаушылар ұшағы Петропавлға қона алмады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуӘуежай
Әуежай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Алматы-Петропавл" әуе рейсінің жолаушылары межелеген жерлеріне өз беттерімен жетуге бел буды

АСТАНА, 25 жел – Sputnik. "Алматы-Петропавл" рейсін жүзеге асырмақ болған SCAT әуе компаниясының ұшағы Көкшетауға қонуға мәжбүр болды деп хабарлады әуе тасмалдаушысының баспасөз хатшысы Виктория Ульянова Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Ұшақ Алматыдан Петропавлға кесте бойынша бет алған, алайда Петропавл қаласында ұшақтың қонар кезінде қатты боран соғып тұрды. Мұндай ауа райы жағдайында ұшақты қондыруға болмайды. Сол себепті командир Көкшетау әуежайындағы қосалқы аэродромға қонуға шешім қабылдады", — деп мәлімет берді Ульянова.

Қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазақстанда жексенбі күні аяз және боран болады

Жолаушыларға Алматыға кері қайтып, келесі күні жаңа рейспен Петропавлға аттануды ұсынды. Бірақ жолаушылар Көкшетауда қалып, Петропавлға өз күштерімен жетуге ниет білдірді. 

Қазақстанның солтүстік аймақтарында бірнеше күн боран тоқтамай тұр. 

Жаңалықтар
0