Өңірлер

Петропавлдан Астана мен Алматыға және кері әуе рейстері тоқтатылды

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавл әуе жайы
Петропавл әуе жайы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшулар қайта басталғаннан кейін Алматыға ұшақтар аптасына үш рет емес екі рет ұшатын болады

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Петропавлдан Астана мен Алматыға және кері әуе рейстері техникалық себептерге байланысты тоқтатылды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Петропавл халықаралық әуежайының директоры Марат Хасенов. 

Оның атап өтуінше, Алматы — Петропавл — Алматы және Астана — Петропавл — Астана әуе рейстері 10 қаңтарға дейін қалпына келтірілуі мүмкін. "Әуежай ұшақтарды қабылдай алады, оның үстіне тәуліктің кез келген уақытында, тіпті түнде де. Қазір ұшулар әуе компанияларының өздеріне баланысты техникалық себептермен жүзеге асырылып жатқан жоқ. Маған әуе компаниядағы әріптестерім хабарлағандай, бірінші он күнде, яғни 10 қаңтарға дейін ұшулар жалғасатын болады. Осы аптада билет сатыла бастайды", — деп  ақпараттандырды Хасенов. 

"Кесте сол күйінше қалады, тек Алматыға рейстер саны аптасына үштен екіге қысқарды", — де қосты директор. Оның атап өтуінше, рейстер субсидияланған, сондықтан әуе компаниялары жыл басында оларды қаржыландыруға байланысты барлық қажетті процедуралардан өтеді. 


Жаңалықтар
0