Өңірлер

Баскетболшы Нанаевті өлтіргені үшін бес адам сот алдына келеді

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавл қаза тапқан баскетболшы Игорь Нанаевпен қоштасты
Петропавл қаза тапқан баскетболшы Игорь Нанаевпен қоштасты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баскетболшы Игорь Нанаевті өлтіргені үшін айыпталушылар 11 қаңтар күні Петропавлда сот алдына келеді

АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Баскетболшы Игорь Нанаевтің ісі Петропавл сотына берілді. Спортшыны 2016 жылы қазанда түнгі клуб жанында аяусыз сабап кеткен болатын. Содан кейін ол ауруханада көз жұмған еді деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

Игорь Нанаев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Соққыға жығылған баскетболшы Нанаев есін жимай, көз жұмды

"Петропавл қалалық сотына Қайбаров Д. Ж., Мақатов Б. К., Әскеров Ж. Е., Меңдібаев А. М. және Еламанға О. Ж. қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Сот алды тергеу органдары оларды 2016 жылы 3 қазанда сағат түнгі 3 кезінде Петропавл қаласы "Парк-Сити" түнгі клубы жанында бірқатар қылмыс жасады деп айыптап отыр", — деп ақпарат берді сотта.

Негізгі сот талқылауы 11 қаңтарда болады. Сотталушылардың арасында Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің екі студенті мен бір колледж студенті бар.  

Жаңалықтар
0