Өңірлер

Жұма күні Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде, синоптиктердің болжауынша, ауа райы жауын-шашысыз болмақ, ал қалған аймақтарда – қар, кей жерлерде боран және тұман

АСТАНА, 6 қаң – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады деп күтіледі, оңтүстік пен батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады және боран соғып, жел күшейеді деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитет сайтында.

Балалар сырғанақ тебуде - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қостанай облысында қыз бала сырғанақтан құлап, көз жұмды

Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында боран, көктайғақ, тұман болады деп күтіледі, Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарында кей жерлерде – тұман, көктайғақ, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында кей жерлерде – желдің екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде – төменнен соққан боран, тұман, күндіз Қостанай облысында кей жерлерде – желдің екпіні 18 м/с. Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысында кей жерлерде – тұман, Маңғыстау және күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде – желдің екпіні 15-20 м/с. 

Жаңалықтар
0