Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын жасынсыз болады деп күтіледі

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуқысқы ауыл
қысқы ауыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді

АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде  ауа-райы жауын-шашынсыз болады, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың солтүстігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі, қар жауады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жердерінде бұрқасын, тұман болып, түнде желдің күші 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерде екпіні 23 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде —  бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде — тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ байқалады. Алматы облысының Жаланашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерінде тұман болады.

Маңғыстау, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын байқалады. Қызылорда, Қарағаңды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Жаңалықтар
0