Өңірлер

Сараптама екі қарағандылықтың "Боярышниктен" уланғанын растамады

© Sputnik / Владимир АстапковичЛаборатория
Лаборатория - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Екі қарағандылық боярышник тұнбасынан емен, суррогат ішімдіктен уланған

АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Қарағанды қаласының екі тұрғынының "Боярышниктен" уланғандығы дәлелденбеді деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Бейінді ведомствоның мәліметіне сүйенсек, Қарағанды облыстық медициналық орталығына екі ер адам ішімдіктен уланып жатқызылған.

"Қарағанды облысы мен Қарағанды қаласында "Боярышниктен" улану оқиғасы тіркелмеген. Жұма 7 қаңтар күні екі ер адам уланып ОМО-қа келді, олар токсикологиялық бөлімге жатқызылды. Қажетті сараптамалардың бәрі алынып, "Боярышниктен" уланғандары расталған жоқ", — деп хабарлады Иса.

Лабораториялық зерттеулерге сәйкес, екі қарағандылық суррогат ішімдіктен уланған. 

Жаңалықтар
0