Өңірлер

Ақмола облысында қар басып қалған жолда әйел адам босана жаздады

© Sputnik / В.Чистяков / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыл басынан бастап Ақмола облысында қар басып қалған тас жолдан босанайын деп жатқан әйел адам мен жеті ресейлік құтқарылды

АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Құтқарушылар Ақмола облысындағы тас жолда қалып қойған автокөлікте босанайын деп жатқан әйелді эвакуациялады деп хабарлады өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Анастасия Волочкова - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Анастасия Волочкова Астана-Қарағанды тас жолында қар құрсауында қалып қойды

23 жасар әйелді Атбасар аудандық орталық ауруханасына жеткізіп, кесар тілігі арқылы сәтті түрде босандырып алды. Жақында жас ананы тұңғышымен ауруханадан шығарады.

Бұдан бөлек, 8 қаңтар күні құтқарушылар Ресей Федерациясы азаматтарын қар басып қалған жолдан құтқарып алды.

Ресейліктер Щучинскіден Омскіге қарай автокөлікпен шығып, Жаңадәуір және Наурызбай ауылдарының арасында қарға батып қалған. Оқиға орнына құтқарушылар келіп жетіп, екі жеңіл көлік пен жеті адамды эвакуациялады. Содан кейін ресейліктерге ыстық тағам беріліп, жылыту пунктеріне жеткізуді ұсынды, бірақ олар бас тартып, үйлеріне қайтуға шешім қабылдады.  

Жаңалықтар
0