Өңірлер

Қазақстанның солтүстігі мен батысында сейсенбіде жауын-шашын түседі

© Sputnik / Анатолий Устиненкоқар тазалау
қар тазалау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

 АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде  ауа-райы жауын-шашынсыз болады, тек Қазақстанның солтүстік және батыс аймактарында атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

 Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарының облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде — тұман, көктайғақ күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жаланашкөл ауданында жел 20-25 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Манғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0