Өңірлер

Шымкентте қираған үй: ғаламторда сәбиді құтқару сәті түсірілген бейнежазба пайда болды

© Photo : ДЧС ЮКОШымкентте қираған үй
Шымкентте қираған үй - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сәби бесіктің арқасында қираған үйдің астында аман қалған

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Шымкентте қираған үйде үйіндінің астынан жас сәби құтқарылды. Құтқару операциясы түсірілген бейнежазбаны Otyrar.KZ редакциясына жедел жәрдем меңгерушісі Үрия Қалназарова ұсынды.

"Шымкентте үйдің қирауы туралы хабарды естіп, бірінші болып қалалық жедел жәрдем станциясы 13-бригада қызметкерлері келіп жетті, — деді Үрия Қалназарова. – Құтқарушылардың келуін күтпей, олар үйінді астынан жас сәбиді алып шықты. Құтқару операциясына дәрігер Михаил Явров, фельдшерлер Тахир Османов мен Ғалым Айтуғанов қатысты. Сәби бесікте жатқандықтан аман қалған, бесіктің конструкциясы оның денесін ауыр жарақаттан сақтапты".

Бастапқыда кішкентай қызды ҚР Ұлттық гвардиясы 6506 әскери бөлімшесінің әскери қызметкері құтқарды деген ақпарат таралған болатын. Ал, мына бейнежазба баланы аман алып шыққан дәрігерлер екендігін дәлелдейді. 

Жаңалықтар
0