01:42 25 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Шахандағы қираған үй

Қасымов: Шахандағы жарылыс жарық сөнгеннен кейін болған

© Foto: пресс-служба акима Карагандинской области
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Шахтинскідегі тұрғын үйдің құлауы (13)
20 0 0

Ішкі істер министрі Шахандағы бес қабатты үйдің қазандығы не себепті жарылғандығын түсіндірді

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Шахан ауылындағы көппәтерлі үйдің қирауы электр жарығы сөнгеннен кейін болған деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Оның сөзіне жүгінсек, бұл үйде 119 адам тұрып жатқан, ал қираған пәтерлердегі жалпы адам саны 25. Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып тергелуде.

"Тергеу барысында анықталғандай, Шахан ауылында 1997 жылы қазандықтың ашылуына байланысты 117 үйдің тұрғындары жылусыз қалған. Сол себепті олар бұл мәселені өз күштерімен шешпек болады. 98 үйге жеке пештер орнатылып, 17 бесқабатты үй ортақ автономды жүйе орнатты. Оның ішінде 14 үйдің қазандығы жертөлелерге салынған", — деді Қасымов сейсенбі күні үкімет отырысында.

Қираған үйге қазандық 1997 жылы орнатылған, 2004 жылы тұрғындардың есебінен жаңа қазандық салынып, төрт  от жағушы жұмысқа алынады.

"Қазандықтың шектік температурасы 95 градус. Бұл шектен асып кететін болса, қысымның салдарынан қазандық жарылып кетеді. Оқиға күні сағат 20:30-да электр жарығы сөніп қалады, соның салдарынан жылу жүйесінің сорғыштары тоқтап, ауа температурасы шектік мөлшерден артып кеткен, нәтижесінде жарылыс болды", — деп мәлімет берді министр.

Бұл оқиға бойынша барлық сараптамалар тағайындалды дейді Қасымов.

Тақырып:
Шахтинскідегі тұрғын үйдің құлауы (13)

Басты тақырыптар