19:37 25 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Шахандағы қайғылы оқиға

Шахандағы зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасына 9 млн теңге көмек берілді

© Foto: Сергей Перхальский
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2 0 0

Әбдібеков Шағандағы оқиғадан зардап шеккендерге көретіліпжатқан көмек туралы баяндады

АСТАНА, 10 қаң — Sputnik. Тоғыз миллион теңге көлеміндегі жеке материалдық көмек қаза болғандардың отбасы мен зардап шеккен екі адамға берілді деп хабарлады Қарағанды облысы әкімі Нұрмұхамбет Әдібеков.

Шахандағы қираған үй
© Foto: пресс-служба акима Карагандинской области

"Арнайы ұйым бұл үйдің үш подъезді қолдануға жарамды деген қорытынды шығарды", — деді Әбдібеков сейсенбі күні үкімет отырысында.

Үйінділерді тазарту жұмыстары аяқталды. Қазір қираған төртінші подьездің конструкциясы жөнделіп жатыр.

"Бұл подьездегі 13 пәтердің ішінде төрт пәтер иесіне баспана беріледі. Қалғандары жөндеу жұмыстары аяқталған соң, өз үйлеріне оралады", — деді Әбдібеков.

Бұл ТЖ-дан зардап шеккендерге көмек беру үшін құрылған жеке қайырымдылық қорының қаражаты тұрғындарға материалдық жәрдем ретінде жұмсалуда.

"Қазіргі уақытта материалдық жәрдем ретінде қаза тапқандардың отбасы мен екі зардап шеккен азаматқа 9 миллион теңге берілді", — деді өңір басшысы.