08:20 24 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Петропавлдағы су тартқыш апаты

Петропавл орталығындағы су құбыры апатынан кейін қазба жұмыстары жүргізілді

© Sputnik / Елена Бережная
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
8 0 0

Апаттың себебі ауа райы ахуалы болуы мүмкін, бес үй әлі де сусыз отыр

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Петропавлда су құбырындағы апаттан кейін жөндеу жұмыстары жүргізілуде деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сейсенбі күні кешкі сағат тоғызға қарай су тартқыштың осы бөлімшесінде апат болды – құбыр жарылып кеткен. Барлық қажетті шаралар бірден орындалып, қоңырау келіп түскен соң бір сағат ішінде апаттық бригадалар оқиға орнына жиналды. Жиырмадан астам адам жұмылдырылды", — деді "Қызылжар су" ЖШС бөлімшесінің басшысы Александр Супонин тілшілерге.

Оның мәліметінше, сутартқышты бөгеп, суды бұрып жіберді, содан соң камераны ашып, қазіргі уақытта апаттың салдарын жою жұмыстары жүргізілуде.

"Әзірше бәрі жақсы, жоспар бойынша келе жатыр. Бес үй әлі же сусыз отыр, бірақ кешке қарай су беріп қалармыз деп ойлаймын", — деп атап өтті Супонин. 

Оның айтуынша, апаттың себептері әлі анықталған жоқ. Бірақ оған ауа райы қолайсыздығы, яғни аяз әсер еткен болуы мүмкін.

  • Петропавлдағы су тартқыш апаты
    Петропавлдағы су тартқыш апаты
    © Sputnik / Елена Бережная
  • Петропавлдағы су тартқыш апаты
    Петропавлдағы су тартқыш апаты
    © Sputnik / Елена Бережная
  • Петропавлдағы су тартқыш апаты
    Петропавлдағы су тартқыш апаты
    © Sputnik / Елена Бережная
  • Петропавлдағы су тартқыш апаты
    Петропавлдағы су тартқыш апаты
    © Sputnik / Елена Бережная
  • Петропавлдағы су тартқыш апаты
    Петропавлдағы су тартқыш апаты
    © Sputnik / Елена Бережная
1 / 5
© Sputnik / Елена Бережная
Петропавлдағы су тартқыш апаты

Басты тақырыптар