Өңірлер

Қазақстанда бейсенбі күні қар жауады деп күтіледі

© Sputnik / Анатолий Устиненкоқар жауып тұр
қар жауып тұр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым аймақтарында тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде  атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы сақталады, жауын-шашын болады, тек республиканың батыс аймақтарында жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.  

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, түнде және таңертең  жел   15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан  облысының кей жерлерінде — тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.

 Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.  Атырау, Солтүстік Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.  Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, түнде жел  15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын болып,  жел 15-20 м/с күшейеді.  

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, Жаланашкөл ауданында екпіні  22-27 м/с күшейеді.  

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып,  жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с, оңтүстік-батыс облысында кей уақытта 30 м/с күшейеді.

 

Жаңалықтар
0