10:54 28 Мамыр 2017
Тікелей эфир
Қар құрсауында

ШҚО-да тас жолада 30-ға жуық адам қар құрсауында қалып қойды

© Foto: ДЧС Восточно-Казахстанской области
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
6 0 0

Шығыс Қазақстан облысында тас жолда қалып қойған жеңіл көліктердің шопырлары мен жолаушыларын құтқаруға өрт сөндірушілер жұмылдырылды

АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. Шығыс Қазақстанда құтқарушылар тас жолдардан отызға жуық адамды құтқарды деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Кеше кешкісін құтқару операциясы облыстық маңызы бар Бородулиха-Жезкент тас жолында жүзеге асырылды. Бұл жол түк көрінбейтін ақ түтек боранның салдарын күндізгі сағат 12-ден бері жабылған болатын.

  • Қар құрсауында
    Қар құрсауында
    © Foto: ШҚО ТЖД
  • Қар құрсауында
    Қар құрсауында
    © Foto: ШҚО ТЖД
1 / 2
© Foto: ШҚО ТЖД
Қар құрсауында

Жолға шығып үлгерген азаматтар боран мен қар құрсауында қалып қойды. Барлығы 30 адам құтқарылды. Адамдар Жезкент ауылынан 12 шақырымдай жерде болған.

Көмекке Бородулиха ауданындағы жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері аттанды. Құтқарушылар үш көлікпен 18 адамды эвакуациялады. 13 адам көліктерін тастап кетуден жасқанып, эвакуациядан бас тартты. Зардап шеккендер жоқ. 

Басты тақырыптар