Өңірлер

ҚР президентінің жолдауы: өңірлер қаржылық дербестік алады

© Sputnik / Болат Шайхиновзаң жобасын талқылау
заң жобасын талқылау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев министрліктер мен ведомстволардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеруді тапсырды

АСТАНА, 31 қаң – Sputnik. Қазақстанның салық-бюджет саясаты жаңа экономикалық жағдайға бейімделуі тиіс, деп санайды республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 

Мемлекет басшысының пікірінше, бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру қажет. 

Парламент үйі - Sputnik Қазақстан
Экономика
ҚР-ның жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі арта түседі

"Біз 2017 жылы мемлекеттік даму бағдарламаларын қажетті ресурстармен толықтай қамтамасыз еттік. Министрліктер мен ведомстволардың қаражатты игеруінің тиімділігін тексеру қажет", — делінген президенттің ел халқына арнаған жолдауында.

Назарбаев, республикалық бюджеттің 40%-дан астамын құрайтын Денсаулық сақтау,  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерінен бастау керек деп санайды.

"Тиімсіз бағдарламалардың қаражатын Үшінші жаңғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу қажет. Сондай-ақ, қаражатты нақты экономикаға неғұрлым тезірек әрі тиімдірек жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеңілдеткен жөн", — деп атап көрсетілген құжатта. 

Біз фискалдық орталықсыздандыру саясатын жалғастыруымыз керек, деп есептейді президент. "Өткен жылдарда орталықтан жергілікті жерлерге көптеген функциялар мен өкілеттіктер берілді. Енді олардың жеткілікті қаржылық дербестігін бекемдей түсу қажет", — делінген құжатта. 

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Президент үкіметке: босқа жүруді доғару керек

Сонымен бірге, елбасының пікірнше, қаржы шығысы жөніндегі өкілеттіктердің облыстық деңгейде шоғырлануына жол бермеу маңызды. 

"Оларды әрі қарай аудандық және ауылдық жерлерге беру керек. Әкімдер өңірлік және жергілікті маңызы бар мәселерді шешуге тиіс, ал Үкімет жалпымемлекеттік мәселелерге ден қоюы қажет", — делінген жолдауда.

Ұлттық қор қаражатын пайдалануға ұтымдылық тұрғысынан қараған жөн, деп санайды президент. 

"Ұлттық қордан алынған кепілдендірілген трансферт көлемі 2020 жылға қарай кезең-кезең бойынша 2 триллион теңгеге қысқартылуға тиіс, — деп түсіндірді ол.

Салық саясатын, мемлекет басшысының ойынша, бизнестің "көлеңкеден" шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеңейтуге бағыттау керек. "Қазіргі салық жеңілдіктерін оңтайландыру қажет. Жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режімін жаңаша қарастыру керек", — деп атап өтті Назарбаев. 

Оның бағалауынша, салықтық әкімшілендіру тетіктері жетілдіруді талап етеді. Ең алдымен, мұның қосымша құн салығын жинауға қатысы бар.


Жаңалықтар
0