Өңірлер

Қазақстанда сәрсенбі күні ауа райы тұманды болмақ

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елдің көптеген аймақтарында қар жауып, тұман түседі, көктайғақ, боран болып, жел күшейеді

АСТАНА, 8 ақп — Sputnik. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында боран соғады деп күтіледі, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Қар көшкіні - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Универсиадаға келген төреші "Шымбұлақта" көшкіннің астында қалып, көз жұмды

Ақмола облысында – боран, тұман, күндіз желдің екпіні – 15- 20 м/с. 

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні – 18-23, ұйытқуы – 28 м/с.

Күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде көктайғақ болады, желдің екпіні – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Ақтөбе облысында – боран, күндіз желдің екпіні – 18 м/с.

Қарағанды облысында таңертең және күндіз – боран, күндіз кей жерлерде – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, желдің екпіні – 15-20 м/с. 

Жаңалықтар
0