Өңірлер

Қанқұйлы жол апаты: Петропавл түбінде жеңіл көлік КамАЗ астына түскен

© Photo : ДВД СКОПетропавл түбіндегі жол апаты
Петропавл түбіндегі жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік апаты Солтүстік Қазақстан облысы Пеньково ауылына жақын маңда болды

АСТАНА, 10 ақп — Sputnik. Бейсенбі 9 ақпан күні Петропавл түбінде ВАЗ автокөлігі мен "КамАЗ" жүк көлігінің қатысуымен ажалды жол апаты орын алды, жеңіл көліктің 23 жасар жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан агенттігі.

Жол апатының жанынан өтіп бара жатқан автокөліктің бейнерегистраторына түсірілген жазба әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Боран - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағанды түбінде жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан алты көлік жыраға түсіп кетті
"Жедел тергеу тобы келгеннен соң Челябинск-Новосибирск автожолының 543 шақырымында сағат 16:30-да "ВАЗ-21140" автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бетке өтіп кетіп, "КамАЗ-5320" жүк көлігіне соғылғаны анықталды", — деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі агенттікке.

Жол-көлік апаты дерегі бойынша ҚР ҚК 345 бабы 3 бөлігіне сәйкес сот алды тергеу ісі басталды.

Жаңалықтар
0