Өңірлер

Ақмола облысында үш адам үсіп өлді

© Sputnik / Юрий Кавер / Медиабанкке өтуАяз
Аяз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола облысында үш адамның жансыз денесі табылған, олар қатты аяз салдарынан көз жұмған көрінеді

АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Демалыс күндері Ақмола облысында қатты аяздың салдарынан үш адам үсіп өлді деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Павлодардағы апат - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодар су желісінде орын алған апаттың себебі анықталды

Ерейментау ауданында әкімшілік ғимараттан тысқары аумақта 1969 жылы туылған ер адамның денесі табылды. Есіл ауданында ауылдан алты шақырымдай қашықтықта жергілікті тұрғынның денесі табылған. Ал Зеренді ауданы Есенқожа аулында бақша маңында 1977 жылы туылған ауыл тұрғынының жансыз денесі табылды.

Зорлық-зомбылық белгілері жоқ мүрделер мәйітханаға жөнелтілді, сараптама тағайындалған. Барлық деректер бойынша бастапқы қойылған диагноз: ағзаның жалпы суықтауы. 

Жаңалықтар
0