Өңірлер

Шыдаңдар, халайық, жаз жақын: Қазақстанда жуырда күн жылынады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоКөктем
Көктем - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазгидромет уәде бергендей Қазақстанда жақында күн жылынады

АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Қазақстанда ауа райы 16 ақпаннан бастап жылынады деп хабарлайды Қазгидромет синоптиктері.

"Қазақстанда орныққан аяз, Сібір антициклонының  әсерінен туындаған ауа температурасы нормадан 7-12ºС  төмен. Алайда синоптиктер алдағы бірнеше күн ішінде ауа райының өзгеретінін болжауда", — деп хабарлады Қазгидромет Sputnik агенттігіне.

Синоптиктер мәліметінше, циклон Жер орта теңізінің шығыс жағалауында  қалыптасып, Қазақстанның оңтүстігіне қарай 16 ақпанда жылжи бастайды, сөйтіп,  республиканың барлық аймақтарына жауын-шашын ғана емес, жылы ауа райын да ала келеді.

Батыста  түнде 13-23-тен 3-8-ға дейін, кей жерлерде 11-16 градус аяз, солтүстік, шығыс пен орталықта 20-30-дан 17-25 градусқа дейін нөлден төмен,  оңтүстік өңірлерде 0-5, кей жерлерде 10-15 градус нөлден төмен, Қызылорда облысында 10-15, кей жерлерінде 20 градус аяз болады.

Жаңалықтар
0