Өңірлер

Павлодарда су құбырында болған апаттан соң сумен жабдықтау қалпына келтірілді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуСу
Су - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодардағы су құбыры апатының салдарымен жұмыс жүргізіліп, тұрғын үйлерге су берілді

АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Павлодарда су құбыры магистралінде болған апаттан соң сумен жабдықтау қайта іске қосылды деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Павлодардағы апат - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодар су желісінде орын алған апаттың себебі анықталды

Оның мәліметінше, қазіргі уақытта апат салдарын жою жұмыстары аяқталып, тұрғын үйлерге су берілді. Су алып кеткен көшелердегі қозғалысты қалпына келтіру үшін қаланың коммуналдық кәсіпорындарының 11 көлігі жұмылдырылған.

Су басып кеткен үйлерде суды тартып шығару бойынша жәрдем көрсетілуде, аулаларды қалпына келтіру жұмыстары атқарылып жатыр.

Жаңалықтар
0