03:50 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
қар

Қазақстандықтарды сәрсенбі күні қарлы әрі боранды ауа райы күтеді

© Sputnik / Игорь Подгорный
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, кей жерлерде – боран және жел

АСТАНА, 15 ақп – Sputnik. Республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар, тұман, көктайғақ, жел, боран сақталады, солтүстік-шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі Комитеттің ресми сайты.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, желдің екпіні 15-23 м/с.

Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде – боран, желдің екпіні 15-20 м/с, Қостанай облысында – тұман.

Алматы, Атырау, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман болады деп күтіледі, Алматы облысында – көктайғақ. Қызылорда облысында – кей жерлерде тұман, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с.  

Басты тақырыптар