Өңірлер

СҚО әкімі боксшы Жанат Жақияновқа үш бөлмелі пәтер сыйлады

© Sputnik / Елена БережнаяЖанат Жакияновтың пәтір кілтін алу сәті
Жанат Жакияновтың пәтір кілтін алу сәті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Спортшы әкімге алдыңғы жеңіске жеткен жекпе-жектегiндегі қолғабын сыйлады.

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Ерік Сұлтанов кәсiпқой боксшылар арасында WBA (Super) мен IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атанған Жанат Жақияновты жеңісімен құттықтап, үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Фролова. 

"Жерлесiмiздiң жеңiсi Қазақстанның кәсiпқой рингте титулдар бойынша әлемнiң үздiк 5 елi қатарына кiруге мүмкiндiк бердi. Шынымен де әлемдiк спорт аренасында елiмiздiң беделiн арттыруда Жанат үлкен үлес қосты, Жанаттың көрсеткен жетiстiктерi өсiп келе жатқан жеткiншектер үшiн айқын мысал болып отыр", — дедi Ерiк Сұлтанов.

Сондай-ақ, кездесуде чемпионды жеңiсiмен спорт ардагерлерi Жамбыл Тасменов пен Александр Мерк құттықтады.

Жоғары спорттық көрсеткiштерi үшiн, сондай-ақ, кәсiпқой боксшылар арасында WBA (Super) мен IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атанған Жанат Жақиянов  қаржылай сыйақымен марапатталды.

Өз кезегiнде Жанат Жақиянов облыс әкiмiне алғысын айтып, 11 ақпан күнi Толедо қаласында Роуши Уорренмен бокстасқан жекпе-жектегi қолғабын сыйлады.


Жаңалықтар
0