Өңірлер

Павлодарда су құбырындағы апат салдары жойылды

© Sputnik / Василий ГолышкинАпат салдарын жою
Апат салдарын жою - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гагарин мен Қамзин көшелеріндегі үй тұрғындары су құбырындағы апаттың салдарынан күні бойы сусыз отырды

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Павлодарда су құбырындағы апат салдары толығымен жойылды деп хабарлады Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі басшысы Салтанат Әкімбекова Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Павлодарда су құбырында апат болды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда су құбырында апат болды

Оның мәліметіне сүйенсек, Гагарин-Қамзин көшелері қиылысындағы диаметрі 600 миллиметр құбыр бейсенбі күні кешке жөнделді. Сағат 17.00-де үйлерді сумен жабдықтау қалпына келтірілді. Қазір су құбыры қалыпты жұмыс істеп тұр. 

Бұл Павлодар су құбырында осы айда болған екінші апат. Үш күн бұрын қаланың басқа ауданындағы су желісінде жарық пайда болып, тәулік бойы жөнделген болатын. 

Жаңалықтар
0