09:15 21 Ақпан 2018
Тікелей эфир
Сәби

Мерке тұрғынының үйіне бір жасар сәбиді тастап кеткен

© Public Domain
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

Бір жастан енді асқан сәби үй қақпасының алдында жерде жылап отырған. Кішкентай қызды тастап кеткен әйел сәбиді бір айдан соң алып кететінін жазып хат қалдырыпты

АСТАНА, 17 ақп – Sputnik. Жамбыл облысы Мерке ауылы тұрғынының есік алдына жас әйел бір жасар сәбиін тастап кеткен деп хабарлады өңірдің ішкі істер департаменті.

Бір жасар үш айлық қызды ауыл тұрғыны 15 ақпан күні есік алдынан тауып алған. Әйел адам қараңғыда қақпа алдында жылап отырған сәбидің даусын естіпті.

Сәбидің қасында киім-кешек салынған пакет пен хат болған: "Аты Зере. 1 жас үш айлық. Бір ай қарай тұрсаңыз, келіп алып кетемін". 

Полиция қызметкерлері үй жанындағы дүкенде орнатылған бейнебақылау камераларын қарады. Бейнематериалда 30-35 жастағы азиат әйел сәбиді үйдің қасына әкеліп тастаған. 

Қазіргі уақытта күдікті іздестірілуде.

Қыз аудандық орталық ауруханаға балалар бөліміне жеткізілді. Оның денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. 

Басты тақырыптар