21:04 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Қар

Қазақстанда сенбі күні қар жауады деп күтіледі

© Sputnik / Анатолий Устиненко
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
4 0 0

Синоптиктер кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасынмен желдің күшеюі сақталады деп болжайды

АСТАНА, 18 ақп — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар күтіледі, оңтүстік өңірлерінде жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде жауын — шашын қатты болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі,  күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік  Қазақстан,  облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ  күтіледі, түнде кей жерлерінде  жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20м/с, кей жерлерінде 23-28 м/с күшейеді.Қызылордп облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел 15-23 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-23 м/с күшейеді, түнде желдің екпіні 25 м/с болады.


Басты тақырыптар