03:55 27 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Көгершін

Жексенбіде Қазақстанның оңтүстігінде қар жауады

© Sputnik / Константин Чалабов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
2 0 0

Синоптиктердің болауынша, Қазақстанда жексенбі күні ауа райы қарлы болмақ

АСТАНА, 19 ақп — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қарлы болады деп күтіледі, синоптиктер болжауынша, республиканың оңтүстігінде қар жауады.

Қазгидромет хабарлағандай, кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, желдің ұйытқуы сақталады.

Ақмола облысында кей жерлерде боран, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. 

Алматы облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, түнде желдің екпіні 17-22 м/с.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, желдің екпіні кей жерлерде 15-20, ұйытқуы 23-28, Оңтүстік Қазақстанда түнде ұйытқуы 25 м/с.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде боран, желдің екпіні 15-20, Ақтөбе облысында ұйытқуы 23 м/с.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде – боран, түнде және таңертең тұман, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с.

Павлодар облысында кей жерлерде – тұман, күндіз боран, желдің екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, желдің ұйытқуы 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысында – боран, көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз ұйытқуы 25 м/с.

Басты тақырыптар