16:34 09 Желтоқсан 2019
Тікелей эфир
  • USD384.97
  • EUR427.12
  • RUB6.04
Павлодарлық полицейлерге 5 млн теңгеден сыйлық берілді

Белгілі кәсіпкер павлодарлық полицейлерге 5 млн теңгеден сыйлады

© Photo : Предоставлено АО "Алмател"
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1289 0 0

Қоғам Елбасыдан полиция қызметкерлеріне мемлекеттік марапат беруді сұрайды

АСТАНА, 21 ақп — Sputnik. Өткен сенбіде құқық қорғаушылардың ерлігіне тәнті болған кәсіпкер полиция қызметкерлері Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовтің жұбайларына 5 миллион теңгеден сыйлаған.

"Бүгін біз Мұрат Нұрсейітов пен Баянбек Жүнісовке шын жүректен алғысымызды білдіргіміз келеді. Қазір қандай қиындықты бастан кешіп жатқандықтарын елестету өте қиын. Тезірек сауығып кетуін тілеп, материалдық көмек көрсетеміз. Олардың жасаған ерлігі әрбір қазақстандықтың жүргенде мәңгі қалары сөзсіз, себебі ол нағыз қаһармандардың фильмдерде ғана емес, өз арамызда да бар екендігін дәлелдейді", — деді "АЛМАТЕЛ" АҚ бас директоры Эрик Франке сыйлықтарды ұсынып.

Павлодарлық полицейлерге 5 миллион теңгеден сыйлық берілді
© Photo : "АЛМАТЕЛ"АҚ ұсынған
Павлодарлық полицейлерге 5 миллион теңгеден сыйлық берілді

"Союз Отцов" қоғамдық бірлестігі Елбасыдан бұл полицейлерге мемлекеттік марапат беруді сұрады. ҚР Президент Әкімшілігіне арналған үндеудің мәтінін қоғамдық бірлестік басшысы Қуаныш Жұматаев әлеуметтік желідегі парақшасына жариялаған.

"Мұрат пен Баянбек үлкен ерлік жасап, балалардың өмірі үшін жауапкершіліктің жоғары деңгейін танытты. Өздерін нағыз әке, нағыз Отан қорғаушысы ретінде ұстап, полиция қызметкерінің қандай болуы керектігін көрсетті, ең бастысы, оқушылар мен мұғалімдерді құтқарып қалды", — делінген хабарламада. 

Загрузка...

Басты тақырып