Өңірлер

Медеуде коньки тебуді тегін үйренуге болады

© Photo : Пресс-служба зимней Универсиады-2017Медеу
Медеу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20 наурызға дейін сенбі-жексенбі күндері коньки тебуді үйрене аласыз

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. 25-26 ақпан күндері "Медеу" мұз айдыны қонақтары коньки тебуді тегін үйренуге мүмкіндік алады деп хабарлайды Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Тілек білдірушілермен кәсіби инструкторлар жұмыс істейтін болады.

Медеудегі жаңа қысқы маусымның ашылуы - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Медеуде" жаңа қысқы маусым ашылды

"Біз тәжірибелі инструкторлар мен спортшыларды шақырдық, олар үйренем деушілерге дұрыс бағыт-бағдар беріп, өз тәжірибелерімен бөліседі. Бұл науқан биылғы жылғы 20 наурызға дейін жалғасады. Аптасына екі рет – сенбі және жексенбі күндері. Бұл Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жақсы мүмкіндік деп ойлаймын, өйткені елдің бәрі конькимен әдемі сырғанай білмейді ғой", — дейді бас ұйымдастырушы Айдос Бағашев.

Айта кететін бір жайт, "Медеу" мұз айдынындағы жаппай сырғанау кестесіне ешқандай өзгерту енгізілмейді.

Коньки тебуді үйрету шарасының ашылу салтанаты 25 ақпан күні сағат 19:00-де басталады. Қазақстан эстрадасы жұлдыздары қатысатын концерттік бағдарлама да бар. 

Жаңалықтар
0