Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде жұма күні тұман болады

© Sputnik / Руслан Шамуков / Медиабанкке өтутұман
тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

АСТАНА, 24 ақп — Sputnik. Республикамыздың батыс бөлігінің жартысының кей жерлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Ақмола, Оңтүстік Қазақстан,  Қызылорда, Қарағанды облыстарында, түнде Солтүстік  Қазақстан, Павлодар  облыстарының кей  жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23м/с,екпіні 29 м/с болады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау,  облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының  кей жерлерінде   жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ,  желдің  күшеюі 15-20 м/с күтіледі.

 

 

Жаңалықтар
0