Өңірлер

Атырау орталығында сиырлар кезіп жүр

© Photo : Ак жайыкАтырау орталығындағы сиырлар
Атырау орталығындағы сиырлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жануарларды бірнеше мәрте айдап жіберген, бірақ ұнап қалған саябаққа орала береді

АСТАНА, 28 ақп — Sputnik. Атырауда Құрманғазы атындағы аллеяда және оған іргелес аулаларда сиырлардың жайылып жүргеніне екінші күн болды, деп жазады өңірлік "Ақ жайық" басылымы. 

"Арнаулы автобаза" ЖШС директоры Самат ТҰРНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, оның қызметкерлері жайылып жүрген малды қуғанымен, олар қайта келеді. Осыған қатысты, тіпті, аллеяға қарсы Атырау облыстық ІІД-нен сиырларға қатысты шара алыңдар деген қоңырау түскен. Тұрниязов бөгденің мүлкіне билік етуге құқылы еместігін айтты.

"Бұл сиырлардың құлақтарына нөмірленген сырға салынған, қалалық ветеринария бөлімі олар бойынша қожайындарын анықтауы және әкімшілік полициямен бірігіп оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуы тиіс. Егер аталмыш органдар көшеден сиырды алып кетсе, онда біздің кәсіпорында азық-жемі, суы мен зоотехнигі қарастырылған мал қора әзірленген. Әрине, қожайыны келген кезде, біз оған есепшот ұсынамыз", —  дейді С.Тұрниязов.

© Photo : Ак жайыкКоровы в центре Атырау
Коровы в центре Атырау - Sputnik Қазақстан
Коровы в центре Атырау
Жаңалықтар
0