Өңірлер

Қазақстанның басым бөлігінде бейсенбі күні жауын-шашын түседі

© SputnikБұрқасын
Бұрқасын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

АСТАНА, 2 ақп — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды, тұрақсыз ауа райы сақталады, жекелеген аудандарында қатты жауын-шашын күтіледі, тек республиканың батыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарланады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында желдің 23-28 м/с күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман көктайғақ болады, жел күшеюі 15-20 м/с күтіледі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.

 


!-- —>
!-- —>

Жаңалықтар
0