02:10 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
Тергеу изоляторы

Алматы облысында парақор тергеуші сотталды

© Sputnik / Алексей Филиппов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
18 0 0

Үш жүз мың үшін үш жыл: Алматы облысында полицей жемқорлық жасағаны үшін айыпты деп танылды

АСТАНА, 2 наурыз – Sputnik. Алматы облыстық сотында Көксу аудандық ішкі істер бөлімінің пара алғаны үшін айыпталған тергеушісіне қатысты қылмыстық іс қаралды деп хабарлайды сот баспасөз қызметі.

Соттың берген мәліметі бойынша, 2017 жылы қаңтар айының ортасында тергеушіні ұстаған. Қылмыстық істің деректеріне сүйнесек, ол өндірістегі қылмыстық іс бойынша күдіктіге жәрдемдескені үшін 325 мың теңге пара алыпты.

Сот үкімімен Көксу ауданы ІІБ тергеушісі ҚК 366 бабы 2 бөлігінде қарастырылған қылмыс жасағаны үшін айыпты деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. 

Сонымен қатар, сотталушының мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметті атқару құқығынан өмір бойына айырылған. 

Басты тақырыптар