06:51 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Зима

Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

© Sputnik / Александр Кряжев
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
147 0 0

Синоптиктердің болжауынша, елімізде алдағы күндері күн суытып, қарлы жаңбыр жауады

АСТАНА, 13 наурыз — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың  оңтүстік, оңтүстік-шығыс және солтүстіктің кей жерлерінде жауын –шашын болып, көбінесе қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте жел жаяу бұрқасынмен күшейеді деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.

Тұман
© Sputnik / Алексей Мальгавко

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейіп, жолдарда көктайғақ болады.  Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жаяу бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі.  Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.  Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 

Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Батыстан соққан желдің  күші 9-14 м/с болады. Ауаның температурасы түнде —13-15°С, күндіз —1-3°С  аяз  болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта жауын-шашын болады. Желдің  күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде —2-4°С аяз,  күндіз 0,+2°С жылы болады.

Басты тақырыптар