Өңірлер

Қазақстанда сейсенбі күні қар жауады

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтусаябақ
саябақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте жел жаяу бұрқасынмен күшейеді

АСТАНА, 14 нау – Sputnik Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың  оңтүстік, оңтүстік-шығыс және солтүстіктің кей жерлерінде жауын –шашын болып, көбінесе қар жауады, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖ комитетінің сайтында.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейіп, жолдарда көктайғақ болады.

 Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз жаяу бұрқасын болып, көктайғақ күтіледі.

 Павлодар облысының кей жерлерінде күндіз жел жаяу бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болып, түнде және таңертең жел 15-20 м/с күшейеді.  Маңғыстау облысында, күндіз Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.


Жаңалықтар
0