Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда су басу қаупі бар

© Sputnik / Анатолий Устиненкоөзен
өзен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстан облысының билігі су тасқынына дайындалып, қауіп төніп тұрған елді мекендерді бақылауға алды

АСТАНА, 14 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысына мамандардың болжамы бойынша, наурыздың аяғы – сәуірдің басында үлкен су келеді, деп хабарлады көшпелі брифингте облыстық мобилизациялық дайындық және азаматтық қорғау жөніндегі басқарма басшысы Нұрлан Бүркіталин. 

"Облыстың 14 жедел әрекет ету жасағы, 16 азаматтық қорғау қызметі дайын. Сондай-ақ су басу қауіпі бар 95 елді мекен белгіленді. Олардың барлығы бақылауға алынды. Қашықтығы 280 шақырымнан асатын 291 автокөлік учаскесі мен темір жол бақылауға алынды", — деп ақпараттандырды Бүркіталин. 

Өңірде су тасқындарына қарсы шаралар жүргізуге өңірде 560 миллион теңгеден астам қаражат қарастырылған. Облыс елді мекендерінен 918 мың текше метр  қар шығарылды. 


Жаңалықтар
0