Өңірлер

Еліміздің кей өңірлерінде қар жауады

© Sputnik / Руслан Шамуков / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің кей өңірлерінде, синоптиктердің болжауынша, тұман түсіп, көктайғақ болады және жел тұрады

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстік-шығысы мен солтүстігінде аздап қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте төменнен соққан боран болады деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖ жөніндегі комитет сайты.

өзен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Солтүстік Қазақстанда су басу қаупі бар

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні 15-20 м/с, төменнен соққан боран болады. 

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман болуы мүмкін, таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с. Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерде – тұман, күндіз кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с. Алматы облысында тұман және көктайғақ болуы ықтимал. 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарғанды облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңдыдауыл соғады. 

Жаңалықтар
0