Өңірлер

СҚО жаңа басшысы бүкіл аудан әкімдерімен кездесті

© Sputnik / Елена БережнаяҚұмар Ақсақалов
Құмар Ақсақалов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірдің жаңа басшысы негізгі жұмыс бағыттарын анықтады

АСТАНА, 15 наурыз – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі Құмар Ақсақалов қызметінің алғашқы күні түннің бір уағына дейін облыстың 13 ауданының әкімдерін өзі жеке қабылдады деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Ойланып-толғанып отыратын уақыт жоқ. Қазірден бастап қимылдауымыз керек. Айналамызды ғана өзгертіп қоймай, өзіміз өзгеруге тиіспіз", — деді облыс әкімі.

Аким СКО Кумар Аксакалов - Sputnik Қазақстан
Саясат
СҚО әкімі болып Құмар Ақсақалов тағайындалы

"Даму керек, өз-өзімізді жетілдіріп, заман талабына сай болғанымыз жөн. Жаңа заманда жауыр болған мәселелердің жаңа шешімін табуға тиіспіз. Басты шарт осы. Ең үздік әлемдік стандарттар мен тәжрибеге сүйенуді де жадымыздан шығармайық", — деді өңір басшысы.

Сейсенбі күні 14 наурызда Петропавлскіде облыстық мәслихаттың 12-ші кезектен тыс сессиясы өткізіліп, Құмар Ақсақалов бір ауыздан СҚО облысы әкімі қызметіне тағайындалған еді.

Жаңалықтар
0