05:54 25 Қараша 2017
Тікелей эфир
Автобус

Астанада автобус жүргізушілері жұмыс алдында ұялы телефондарын қалдырады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
6 0 0

Автобус парктерінде ұялы телефондарға арналған ұяшықтар ұйымдастырылатын болады

АСТАНА, 15 нау – Sputnik. Астана қаласы  Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Б. Игенбердиновтың төрағалығымен қаладағы барлық автобус парктері әкімшіліктерінің қатысуымен кеңес өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жиынның негізгі тақырыбы тасымалдаушылардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін тиісті деңгейде орындамауы, бағытқа автобустардың жоспарлы шығуын, қозғалыс аралықтарының сақталуын қамтамасыз ету, автобус жүргізушілерінің Жол жүру ережелерін сақтауы және жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыру болды.

Кеңесте тасымалдаушылардың проблемалық мәселелері де қаралды. Кеңестің қорытындысы бойынша Басқарма көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру үшін тиісті шаралар қабылдау бойынша міндеттер қойды.

Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап автобус парктерінің әкімшілігіне рейс алдындағы тексеру кезінде жүргізушілердің ұялы телефондарын қалдыратын арнайы ұяшықтар ұйымдастыру ұсынылды.

Сондай-ақ, Көліктік бақылау қызметіне Тасымалдаушылардың бақылау-желілік қызметімен бірлесіп бағытқа шыққан жүргізушілердің ұялы телефонды пайдалануы, темекі тартуы және ЖЖЕ сақтауы бойынша мониторинг жүргізу тапсырылды.

Қоғамдық көліктегі сервисті жақсарту үшін және кері байланыс орнату мақсатында Байланыс орталығы жұмыс істейді. Орталықтың 574-777 телефон номері қалалық автобустардың салондарында орналастырылған.


Басты тақырыптар