06:51 21 Қараша 2017
Тікелей эфир
Қазгидромет баспасөз хатшысы Малика Бүлдекбаева

Қазақстанға сібір аязы келеді

© Foto: из личного архива
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1768 0 0

Алдағы үш күн ішінде, яғни 16-18 наурыз аралығында Қазақстанның ауа райына антициклон әсер етеді. Сол себепті еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмай, күн суытады әрі түнде және таңертең тұман түседі

"Температураның төмендеуі Сібірден келген ауа массаларына байланысты. Сол себепті ауа температурасы көпжылдық мәннен 2-6 градусқа төмен болады. Республиканың батысында ғана ауа температурасы нормаға сәйкес келеді", — деп түсіндірді "Қазгидромет" баспасөз хатшысы Малика Бүлдекбаева.

Алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз. Жел – 5-10 м/с. Түнде температура —14-17 °С, күндіз —5-8°С. 16 наурызда түнде және таңертең тұман. 

Басты тақырыптар